Ақтөбе облысы ТЖД жаңа бастығы тағайындалды

Ақтөбе облысы ТЖД жаңа бастығы тағайындалды

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының  орынбасары полковник Марғұлан Аманбаев Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына  жаңа бастықты таныстырды. ТЖ министрі бұйрығымен Төтенше жағдайлар департаменті бастығы лауазымына Нұрғали Жүнісов тағайындалды.

Жүнісов Нұрғали Сырлыбайұлы 1975 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесінде  "Өрт қауіпсіздігі" мамандығын бітірген.

Еңбек жолын ОҚО ІІБ жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының әскерилендірілген өрт күзеті жасағының №16 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастаған. 1997-2018 жылдары Түркістан облысы ТЖ департаментінде әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарды.

2018 жылдан бастап Түркістан облысы ТЖД бастығы қызметін қазіргі кезге дейін атқарды.