21 қыркүйек күні сағат 14:09-да Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы 101 пультіне хабарлама келіп түсті.
Бірінші қабаттағы подьезде үй заттары өртенді.
Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.
Барлау жүргізу кезінде өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында авто саты көмегімен 13 адамның оның ішінде 4 баланың өмірі құтқарылды. Сондай-ақ, баспалдақ маршы арқылы 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала.
Өрт сағат 14:16-де жойылды. Өрт алаңы 5 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД 15 өрт сөндіруші мен 5 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, өрт орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы шықты.
Ақтөбе облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы