ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таудан әйелді құтқарды

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таудан әйелді құтқарды

2023 жылғы 10 қыркүйекте сағат 16:15-те РЖҚЖ жасағына Жамбыл ауданы, Алматы облысы Арасан-Қорасан шатқалында 38 жастағы әйелдің аяғын сындырып алғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері болды, бірақ олар зардап шегушіні тасымалдай алмады. Сондықтан ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы көмекке жіберілді. Отряд базасынан оқиға орнына дейінгі қашықтық -124 шақырым.

Сағат 18:47-де топ шақыру орнына және 15 минуттан кейін құтқарушылар зардап шеккен адамға келіп жетті. Екі сағат ішінде тау-кен құтқару зембілінің көмегімен құтқарушылар әйелді жедел медициналық жәрдем көлігіне дейін тар, тік жолмен тасымалдады.

ТЖМ құтқарушылары тауға бір күнге болса да шығатын туристерге таулардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын зерттеуі керектігін еске салады.

 ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі