Елімізде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтеді

Елімізде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтеді

«Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына республикалық азаматтық қорғау қызметтерінен басқа Түркі мемлекеттері ұйымының елдері, атап айтқанда Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстанның авариялық-құтқару қызметтері қатысады.

«Жер-2023» оқу-жаттығуы 11-12 қыркүйек аралығында екі кезеңде өтеді.

Қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын әзірлеу және үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Алматы қаласында орналасады.

Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылға дайындық деңгейін, жалпы қауіпсіздік мәдениетін арттыру, қала тұрғындарын төтенше жағдайларда әрекет етуге үйрету.

Сейсмикалық қауіпі бар өңірлердін тұрғындары мен қонақтарын оқу-жаттығу аясында өткізілетін жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығуларға белсенді қатысуға шақырамыз.

Сейсмикалық дайындықты бастамас бұрын, дабыл чемоданын дайындаңыздар, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын алдын ала анықтаңыздар, бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық аумақ болуы керек.

«Назар аударыңыздар!» сигналын естіген кезде сабыр сақтап, ғимараттардан шығыңыздар. Одан әрі қабылданатын әрекеттер туралы ақпарат хабарландыру құралдары арқылы берілетін болады.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңінің өту орындары туралы ақпарат қосымша берілетін болады.

БАҚ өкілдерін 12 қыркүйек күні оқу-жаттығудың практикалық кезеңдеріне шақырамыз. Аккредитеттеу сұрақтары бойынша 77013896265 телефонына хабарласыңыздар.