Павлодар облысының Екібастұз қаласында күкірт қышқылының төгілуі жөніндегі ақпарат

Павлодар облысының Екібастұз қаласында күкірт қышқылының төгілуі жөніндегі ақпарат

2023 жылғы 28 тамызда кезекші Әскерилендірілген күзетшіден Екібастұз қ., Екібастұз-2 станциясы, №6 жолда цистернадан күкірт қышқылының төгіліп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Тасымалданатын жүктің жалпы көлемі (күкірт қышқылы (құрамында 51% - дан аспайтын қышқыл бар)) 78,3 тоннаны (2 вагон) құрайды. Оқиға орнын полиция, әскери теміржол күзеті басқармасының қызметкерлері қоршауға алды. Жергілікті жерде мүдделі мемлекеттік органдар бөлімшесінің қызметкерлері мен тасымалдаушының өкілдері қатарынан Штаб құрылды. Күкірт қышқылының төгілуін жоюға ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.

28-29 тамызға қараған түні ТЖД Жедел құтқару жасағының күштері экстремалды жағдайды сәтті тоқтата алды. Оқиға орнында күкірт қышқылын бейтараптандыру үшін пайдаланылған 37 тоннадан астам әк жеткізілді.

29 тамызда сағат 15-00-дегі жағдай бойынша күкірт қышқылын айдау аяқталды. Құрамында 15 адам бар ҚТЖ ҰК АҚ қызметкерлері күкірт қышқылының төгілу учаскесін үйіп тастауға және кейіннен әкпен толтыруға кірісті. Күкірт қышқылымен толтырылған цистерналарды герметикалық жағу жүргізілді. Аварияны жою жұмыстары жалғасуда. Төгілген қышқылдың жалпы көлемі сараптама жүргізілгеннен кейін белгіленеді.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі