Ақмола облысында білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті

Ақмола облысында білім беру қызметкерлерінің  тамыз конференциясы өтті

Алғаш рет білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі еліміздің 20 өңірінде «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты жаңа форматта өтті.

Ақмола облысында «Балалардың сауықтырғыштары мен демалысын ұйымдастыру» бағыты алғаш рет тамыз кеңесінде жеке тақырып ретінде көтерілді.

Конференцияның мақсаты - ұрпақты тәрбиелеуде балалар демалысы мен сауықтырудың ерекше рөлін көрсету.

Конференцияның пленарлық отырысында «Қауіпсіздік мәдениеті идеологиясын қалыптастыру» тақырыбында Қазақстан Республикасы ТЖМ аппараты басшысының міндетін атқарушы генерал-майор Бауыржан Сыздықов баяндама жасады.

Баяндамада балалардың жеке қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, тұрақты практикалық дағдыларды игеру және төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстай білу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету баланың басым мақсаты мен ішкі қажеттілігі болып табылатындығы атап өтілді. Осы бағытта кешенді нәтижеге қол жеткізудің тиімді жолы азаматтық қорғау жүйесін де, білім беру жүйесін де іргелес реформалау болып табылады.

Конференцияның республикалық пленарлық сессиясына онлайн режимде еліміздің 20 өңірінен білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысты.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті