Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кетті

Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кетті

 2023 жылғы 24 тамыз күні кешкі сағат 20:21-де Талғар ауданы,  Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушілерде байланыс болып, құтқарушыларды өздері шақыра алды. Оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды 22:14-те Алатау туристік кешенінің Қотырбұлақ шатқалы ауданында  тауып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде туристер көрсеткіштен өтіп кетіп, адасып кетті. 

ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға шықпас бұрын, бір күнге шықсаңыз да бағытты  мұқият зерттеңіз, мүмкіндік болса офлайн режимінде пайдалануға ыңғайлы етіп, бағыт картасын жүктеп алыңыз. Күтпеген оқыс оқиға  орын алса көмекке жүгіну үшін 112 немесе 8 (727) 3721560 (Алматы қ. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы) нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару

жасағының баспасөз қызметі