Желіде қалған электр кептіргіш тоғыз қабатты үйдегі өртке себепкер болды

Желіде қалған электр кептіргіш тоғыз қабатты үйдегі өртке себепкер болды

Өрт 30-шы Гвардиялық Дивизия көшесінде орналасқан үйдің пәтерлерінің бірінде таңғы сағат 4-те басталды. Бұл туралы "101" қызметіне сол үйдің тұрғыны хабарлады.

Оқиға орнына ШҚО ТЖД өрт сөндіру есептері дереу жіберілді.

Өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерден шыққан түтінді анықтады. Барлау жүргізгеннен кейін жиһаздар мен заттардың жанып жатканы анықталды.
Бірінші кезекте өрт сөндірушілер түтін аймағынан 19 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 2 бала бар.
Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан барлығы 35 адам және 10 техника жұмылдырылды.

Өрттің алдын - ала себебі бойынша электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіш болуы мүмкін деген болжам қарастырылады .

ШҚО ТЖД электр жабдықтары мен электр құралдарын пайдалану кезіндегі ережелерді еске салады:

- кез-келген электр құрылғысын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыздар;

- есіңізде болсын, егер сіз компьютерді, жылытқышты, шаңсорғышты бір розеткаға бірден қоссаңыздар, онда жүктеме желі үшін ауыр болуы мүмкін. Бұл әсіресе ескі сымдары бар ескі үйлерге қатысты;

- электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер;

- үйден шыққан кезде әрқашан электр құрылғыларын розеткалардан өшіріңіздер.


Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыздар.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі