Қостанай облысының Наурызым қорығында бірден бірнеше өрт ошағы табылды

Қостанай облысының Наурызым қорығында бірден бірнеше өрт ошағы табылды

2023 жылғы 21 тамызда сағат 16.30-да Қостанай облысының Наурызым ауданында Қарамеңді ауылынан 10 км жердегі Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының аумағында алдын ала болжам бойынша құрғақ шөп пен бұталар өртеніп, өрт 50 га алаңдағы орман алқаптарына өтті.

Осы қорықтың аумағындағы өрттің тағы бір ошағы сағат 16.57-де Шолақсай ауылынан 15 км жерде шықты. Бұл жерде көл ішінде өсіп тұрған алдын ала аумағы 10 га құрғақ шөп жанып жатыр.

Үшінші ошақ Қарамайшы бөлімшесінен 20 км қашықтықта анықталды. Қорық аумағында құрғақ шөптер мен орман алқаптары өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталуда.

Қатты желдің салдарынан орманның төменгі бөлігі жалындап жанып жатыр.

Өртті сөндіруге Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының, «Қазавиаорманкүзеті», Қостанай облысы ТЖД, ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Тартылған күштер мен құралдардың жалпы саны 86 адамды және 32 бірлік техниканы құрайды.

ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында жедел штаб және облыстық жедел штаб жұмыс істейді.