Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезеңде 56 бұзушы жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезеңде 56 бұзушы жауапқа тартылды

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифингте облыс аумағында өрт қауіптілігінің жоғары санаты  сақталғанын хабарлады.

Бүгінгі таңда 72 орман өрті тіркелген, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 38 пайызға артық. Облыс аумағында ормандарды қорғауды 3 республикалық және 13 коммуналдық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері жүзеге асырады.

Облыс аумағында өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап дала өрттері тіркелген жоқ.

ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері жоғары дайындық режимінде. Дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істейді. Сонымен қатар, бүгінгі күні 38 жану тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 есе аз. Өрт жалмаған жану алаңы 470,5 гектардан сәл асады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірде Азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және ЖАО қатарынан 270-тен астам адамнан тұратын 46 бірлескен мобильді топ құрылды. Мобильді топтар жүргізген профилактиканың арқасында 973 рейдтік іс-шаралар шеңберінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылардың 56-сы анықталды. Ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке 29 адам және айыппұл түрінде 27 азамат тартылды.

Орман қорында өрттердің туындауын барынша азайту мақсатында ШҚО әкімінің өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орман қорында болуына тыйым салу туралы қаулысы қолданылады.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орман алқаптарының жанында орналасқан елді мекендердің бойында ұзындығы 558 км минералдандырылған жолақтар құрылды. табиғи өрттерді, сондай-ақ облыс бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру үшін 44 Өрт сөндіру бекеті, 935 адам саны бар 114 ерікті өртке қарсы құралым, 28 өрт сөндіру бірлігі және 145 бейімделген техника құрылды»,- деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин айтты.

БАҚ-пен кездесуде Серік Амангелдин егін жинау науқанының кезеңі жүріп жатқанын да атап өтті. Шаруа қожалықтарының басшылары егістікте жұмыс істейтіндердің барлығына нұсқамалардан өтуге ерекше назар аударуы керек, комбайндар мен тракторларда ұшқын сөндіргіштер, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.

ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

- Төтенше өрт қаупті кезеңде орман аймағына баруды шектеу;

- Шөпті өртемеңіз. Орманда от жағуға болмайды. Балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігі туралы түсіндіру. Жол жиектерімен жүріп өткенде  көліктердің терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын лақтыруға жол бермеңіз. Рұқсат етілмеген от жағу, құрғақ шөпті бақылаусыз өртеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назар аударыңыз.

Өрт анықталған жағдайда дереу «101» және «112» телефондары арқылы хабарлаңыз.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі