Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

2023 жылғы 15 тамызда Қостанай қаласында Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаевтың өңір тұрғындарымен, депутаттармен, кәсіпкерлермен және еріктілермен кездесуі өтті.

М. Пішембаев өз сөзінде министрліктің бірінші жартыжылдықтағы жұмысын атап өтті. Онда құтқару бөлімшелері 40 мыңнан астам шығуды жүзеге асырып, 14 мыңға жуық азамат құтқарылды және эвакуацияланды. Сондай-ақ Қостанай облысында өртте адам өлімін 40% - ға төмендетуге бағытталған оң динамиканы атап өтті.     

Жалпы, табиғи өрттерді азайту үшін Министрлік бірқатар шаралар кешенін іске асыруда. Бұл министрліктің, табиғатты қорғау және орман мекемелерінің, ерікті құрылымдардың күштері мен құралдарын уақтылы дайындыққа келтіру.

Объектілерде авариялардың туындау қаупін азайту үшін вице-министр жергілікті атқарушы органдарға жылумен жабдықтау объектілері мен қазандық құрылыстарын алдағы жылыту кезеңіне дайындауға ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ қар тазалау техникасы мен қардан қорғау құрылыстарын дайындау жөнінде шаралар қабылдасын.

Шомылу кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Вице-министр азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Өңірдегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы айта келе, М.Пішембаев қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен инциденттерді болдырмау жөніндегі пәрменді шаралардың бірі ретінде жабдықты уақтылы техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңғырту қажеттігіне назар аударды.

Қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсарту мақсатында вице-министр құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша үкімет жоспарлаған шараларды айтты. Кездесу соңында М.Пішембаев бизнес-қауымдастыққа, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ еріктілер мен қарапайым азаматтарға азаматтық қорғау саласындағы Құтқару операцияларына жәрдемдескені және қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Халықпен есептік кездесу барысында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді, онда облыс тұрғындарына Азаматтық қорғау саласындағы оларды толғандыратын сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі берілді. 

Сонымен қатар, вице-министр Қостанай облысы ТЖД бөлімшелерінің жеке құрамымен кеңейтілген кеңес өткізді. Оның барысында орта және басшы құрамның бастапқы және кезекті арнаулы атақтарын табыс етті.

Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы