ТЖ министрі бұйрығымен ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының жаңа бастығы тағайындалды

ТЖ министрі бұйрығымен ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының жаңа бастығы тағайындалды

2023 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының жеке құрамына оқу орнының жаңа бастығын таныстырды. Ол азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Әлібекұлы Әлібеков болды.

Ерлан Әлібеков 2017 жылдан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін, 2000 жылы Көкшетау техникалық институтын, 2008 жылы Ресей ТЖМ Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетінің аспирантурасын бітірді. Техника ғылымдарының кандидаты. Үйленген, екі баласы бар.

Осыған дейін академия басшысы қызметін Сырым Шәріпханов жеке құрам алдында Жауынгерлік Тумен салтанатты түрде қоштасты. Министр өзінің сөзінде білім беру мен мамандар даярлауда табыс тіледі.

Бүгінгі таңда оқу орны 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандар даярлайды: «өрт қауіпсіздігі», «төтенше жағдайларда қорғау», «азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық күші» және «өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі». Сондай-ақ Академияда «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша магистранттар оқиды. Биыл алғаш рет қыздар қабылданды.

Тәуелсіздік жылдарында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою салаларында жұмыс істейтін 5000-ға жуық маман даярланған.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының

 баспасөз қызметі