ШҚО ТЖД құтқарушылары суға батып бара жатқан адамға көмекке келді

ШҚО ТЖД құтқарушылары суға батып бара жатқан адамға көмекке келді

 

Өскемен қаласында "Восточник-3" саяжай қоғамы ауданында куәгерлер ер адамды Ертіс өзенінде ағын алып кеткенін байқап қалды. Оқиға орнына ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен шықты.
Ер адам суда тұрған бұталардан ұстап үлгерген екен, құтқарушылар ол адамға жетіп 1987 жылы туған адамды судан алып шықты және құтқару станциясына жеткізіп, жедел жәрдем медиктеріне қарау үшін тапсырды.
ШҚО ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
Жабдықталмаған орында шомылуға болмайды,
Суға мас күйінде түсуге болмайды
Күшіңізді асыра бағаламаңыз, алысқа жүзбеңіз
Су қателікті кешірмейді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз