Жетісу облысында іздеу және құтқару бойынша үйлестіру жаттығулары өтті

Жетісу облысында іздеу және құтқару бойынша үйлестіру жаттығулары өтті

 

Қазаэронавигация РМК Жетісу облысындағы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп іздестіру-құтқару операцияларын ұйымдастыру және жүргізу бойынша оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Жетісу іздеу және құтқару ауданында әуе кемесінің экипажын (авиациялық жұмыстарды жүргізуге тартылған тікұшақ) іздеу және құтқару бойынша іздестіру-құтқару операциясын (жұмысын) ұйымдастыру және жүргізу».

Оқу-жаттығу аңызы бойынша шартты түрде апатқа ұшыраған жеңіл әуе кемесі экипажының іздестіру-құтқару операциясын жүргізу элементтері пысықталды.

       Оқу-жаттығу барысында Жетісу облысы ТЖД іздестіру-құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге кезекші Қазавиақұтқару Еурокоптер h-145 up-ЕО 043 борт тікұшағы, жердегі күштер мен құралдар, кинологиялық есептеу жұмылдырылды. Әуе кемесінің экипажына және жердегі іздестіру-құтқару командасына іздестіру-құтқару жұмыстарының азимуты берілді.

Іздеу-құтқару операциясын жүргізу сәтті аяқталды. Әуе кемесінің шартты апат орны апат туралы хабарланған сәттен бастап екі сағат ішінде табылды. Шартты түрде зардап шеккен адамды эвакуациялау Талдықорған қаласының әуеайлағына медициналық қамтамасыз ету элементтерін пысықтаумен, одан әрі медициналық қызметке бере отырып, шартты түрде зардап шеккен адамды тасымалдаумен аяқталды.

Оқу-жаттығу нәтижелері Қазаэронавигацияның, сондай-ақ кезекші іздестіру-құтқару күштері мен оқу-жаттығу өткізуге тартылған құралдардың өзара іс-қимылының жоғары деңгейін көрсетеді. Нәтижелері бойынша жаттығуларды талдау жүргізілді, онда іс-қимылды үйлестіруді арттыру үшін жаттығуларды үнемі өткізу қажеттілігі атап өтілді.

Оқу-жаттығуға 4 бірлік техника және Жетісу облысы ТЖД 18 қызметкері жұмылдырылды.

Жалпы, мұндай жаттығулар ұшуды іздестіру-құтқару қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің элементі болып табылады. Жүйенің мақсаты апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипажын құтқару бойынша авиациялық оқиғалар мен апаттар болған жағдайда жедел ден қою шараларын қабылдау болып табылады.

 

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі