Пәтер иелері де, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының басшылары да өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған, өрескел бұзған жағдайда көп пәтерлі, әсіресе көп қабатты тұрғын үйлер улы түтінге толы тұзаққа айналуы мүмкін екенін әрдайым есте ұстаған жөн. Пәтерден-пәтерге балкондар/лоджиялар, бөлмені заңсыз қайта салу, желдету қорабы арқылы тұрғын үй ғимараттарының ішіндегі өрт қауіпсіздігін бұзумен байланысты өрттің тез таралуына көптеген себептер болады. Егер тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының басшылығы тұрғын емес бөлмелердің, өртке қарсы тосқауылдардың, жалпы пайдаланатын алаңдар қорына кіретін инженерлік желілердің-кіреберістерден шатырларға, жертөлелерге дейін жай-күйін қадағалауға, өрт туралы сигнал беру, түтін шығару, ішкі, сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелеріне уақтылы техникалық қызмет көрсетуге қадағалау тиіс болса; онда тұрғын үй иелері, жалға алушылар, кеңсе, сауда үй-жайлары өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауға тиіс.
Көп пәтерлі үйдің кіреберісінде тыйым салынады:
жанғыш және жанбайтын материалдарды заттарды сақтауға, себебі бұл эвакуация жолдарын бітеп тастайды;
лифт және баспалдақ алаңдарында, пайдаланылмайтын қоқыс құбырларының айналасында қоймалар ұйымдастыруға, пәтерлердің ішінде рұқсатсыз қайта құруға, сондай-ақ жалпы пайдаланылатын орындарда, кіріп-шығуды шектейтін металл торларды орнатуға;
көп қабатты тұрғын үйлердің лоджияларына шығатын жерлерді үйіп тастауға, авариялық жолдардың люктерін, жауып тастауға;
зақымдалған электр сымдарын пайдалану;
тұрмыстық жылыту агрегаттарын, газ жылыту жабдықтарын қараусыз қалдыруға;
тез тұтанғыш сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды ластарды тазарту үшін пайдалануға, себебі бұл өртке әкелуі мүмкін;
өз күштері мен мүмкіндіктерін асыра бағалауға;
мүлікті құтқару арқылы өз өмірін қатерге тігуге;
өрт сөндірушілерді алдын ала шақырмай, отты сөндірумен айналысуға;
электр кернеудегі аспаптарды сумен сөндіруге;
шкафтарда, қоймаларда, бұрыштарға және т.б. жасырынуға;
Өрт кезіндегі тәртіп ережелері:
- өрт немесе жану белгілері табылған кезде (түтін, күйік иісі, жоғары температура) тез арада 101,112 телефондары бойынша өртке қарсы қызметіне хабарлауға;
- бұл ретте объектінің мекенжайын, өрт шыққан жерді атауға және өз тегін хабарлауға;
- адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, оларды құтқаруды дереу ұйымдастырыңыз қажет;
- қолда бар алғашқы өрт сөндіру құралдарын (су, құм, қар, өрт сөндіргіштер, суға малынған мата материалдары) өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін өртті сөндіру үшін пайдалану;
- қарт адамдарды, балаларды, мүгедектерді және науқастарды қауіпті аймақтан тыс жерге шығарып тастаңыз.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бакылау басқармасы