Газ баллондарды дұрыс пайдаланбау салдарынан екі азамат зардап шекті

Газ баллондарды дұрыс пайдаланбау салдарынан екі азамат зардап шекті

2023 жылғы 2 тамызда сағат 18.07-де Алматы облысы ТЖ департаментіне алдын ала мәлімет бойынша Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында Достық көшесіндегі жеке тұрғын үйде тұтанусыз газ-ауа қоспасының тарсылы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді.

Оқиға салдарынан облыстық ауруханаға 2 адам: 1981 жылы туған әйел (3 дәрежелі күйік, жағдайы ауыр) және 2001 жылы туған ұлы (2 дәрежелі күйік, жағдайы ауырлығы орташа дәрежеде) жатқызылды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда.

Алматы облысы ТЖД азаматтардан газ баллондарын пайдалану ережелерін сақтауды сұрайды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі