Құрықта жоғалған азамат әліде іздестірілуде

Құрықта жоғалған азамат әліде іздестірілуде

Іздестіру шараларына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылары және із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары да бар.

 

Іздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралық қамтылуда. Оған барлығы 60 қа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылды. Олардың ішінде 1 түкұшақ, 10 қайық, жол талғамайтын көліктер бар.

 

Таңғы уақытта Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүргізілуде.

 

Іздеу жұмыстары әліде жалғасуда.