Алматы облысының Талғар ауданында екі бала құтқарылды

Алматы облысының Талғар ауданында екі бала құтқарылды

2023 жылдың 28 шілдесінде сағат 18.45-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылындағы Әл Фараби көшесінде бала дәретханаға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен 8 км қашықтықтағы оқиға орнына барды.

Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені, бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды.

Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен техникасы күшімен сағат 18.54-те балалар қазылған шұңқырдан көтеріп шығарылды.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі