
Ерейментау ауданының Шәкей ауылының маңында құрғақ шөп өрті сөндірілуде.
ТЖМ Ақмола облысы ТЖД, 52859 әскери бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың және «Бұйратау» МҰТП-нің күштері мен құралдарының үйлесімді іс-қимылдарының арқасында Шәкей ауылының маңындағы өрт 10 гектар алдын ала алаңда оқшауланды. Қазіргі уақытта құзыреті бойынша «Бұйратау» МҰТП күштері қарауылдау жүргізуде.
Бұл өрт оқшауланғаннан кейін күштер мен құралдар жедел түрде Шәкей ауылынан Алғабас ауылының маңында орын алған өртті сөндіруге жіберілді. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 40-қа жуық адам мен 9 бірлік техника жұмылдырылуда. Екінші өрт сағат 20: 30-да те оқшауланып, сағат 21.00-де сөндірілді.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің таралу қаупі жоқ.
ТЖМ облыс тұрғындары мен қонақтарын орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, 95 жағдайда өрттің себебі адам факторы болып табылады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі