
Бүгін, 2023 жылғы 24 шілдеде сағат 13.15-те Ақкөл ауданының Искра ауылынан 20 шақырым жерде құрғақ шөп өртеніп, орманды жерге көшті.
Жанған құрғақ шөп ауданы 420 гектарды, «Первомай орман шаруашылығы» КММ орманды жердің ауданы 0,7 гектарды құрайды.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өрт сағат 16. 45-те оқшауланды.
Өрт орнында Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінен, жергілікті атқарушы органдардан, орман шаруашылығыған және МЕӨҚҚ
69 адам, 15 бірлік техника мен Қазавиақұтқару АҚ тікұшағы жұмыс істеп жатыр.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына орманды дала аумақтарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі