2023 жылғы 22 шілде күні Сарқан ауданы «Санжар» демалыс аймағының жанындағы Балқаш көлінде патрульдеу кезінде 1978 жылғы әйел құтқарылды, ол өз күшін есептемей, жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан асып жүзіп кеткен. Құтқарушылардың қабылданған шараларымен әйел жағаға аман-есен жеткізілді.
Сондай-ақ сағат 17.20-да Жетісу облысы ТЖД-не Алакөл ауданының Ақши ауылында Алакөл көлінде 2012 жылы туылған қыз адасып жоғалып кетті деген тағы бір хабарлама келіп түсті. Құтқарушылардың көмегімен жоғалған қыз табылып, ата-анасына тапсырылды.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.
Жетісу облысы ТЖД азаматтардан ескерту белгілерін елемеуді, тек арнайы бөлінген және шомылуға жабдықталған орындарда шомылуды және судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі