Жамбыл облысында 50-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды

Жамбыл облысында 50-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды

2023 жылғы 24 шілдеде сағат 12.23-те 101 пультіне Тараз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу өрт орнына барды.

Жамбыл облысы ТЖД күштері баспалдақ арқылы 50 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады, 2 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері мен психологтары тұрғын үй тұрғындарына симтомикалық және психологиялық көмек көрсетті.

Өрт сағат 12.44-те оқшауланып, сағат 12.47-де сөндірілді.

Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 33 қызметкер мен 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

 

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі