2023 жылғы 22 шілдеде құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барды. 1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, ес-түссіз болған.
Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынғанын анықтады. Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тікұшақпен Қатонқарағай ауылының ауданаралық ауруханасына жеткізді.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті туристерге қауіпсіздік шараларын сақтауға және таулы жерлерде абай болуға кеңес береді.
ТЖ туындаған жағдайда «112» нөмірі бойынша хабарласуға болады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі