Алдын ала жүргізілген профилактикалық төгінділер Алматы облысындағы сел шығарындыларының салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді

Алдын ала жүргізілген профилактикалық төгінділер Алматы облысындағы сел шығарындыларының салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді

ҚР ТЖМ Қазселденқорғау жоғары температуралық фонға және жауын-шашынның болжамына байланысты алдын ала Қазселденқорғау бекеттері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. 11 авариялық-механикаландырылған бригада құрылды.

Алматы қаласы мен Алматы облысының мұздақ көлдерінде ағынды сулардың арналарын тереңдету және назар аударуды қажет ететін учаскелерде суды қауіпсіз белгілерге дейін сорып щығару бойынша алдын алу іс-шаралары белсенді түрде жалғасуда.

Жалпы, жыл басынан бері 18 аэровизуалды және 700-ден астам жерүсті зерттеу жұмыстары жүргізілді, мұздақ көлдерде барлау жұмыстары жүргізілуде.

«Аюсай» селді ұстап қалатын бөгеттің уақтылы салынуының арқасында Құмбел өзені (Үлкен Алматы өзенінің бассейні) бойынша сел тасқынына жол берілмеді, сел шөгінділерін, ағаштардың тамыры мен діңдерін ұстап қалды.

Қабылданған алдын алу шаралары елді мекендер үшін сел шығарындыларының салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді, профилактикалық сипаттағы шаралар қабылдау жалғасуда.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының, Алматы облысының және Жетісу облысының тауларында мұзды және нөсер генезисінің сел қаупінің жоғары дәрежесі сақталуда.

 

 

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ баспасөз қызметі