«Жасыл ел» еңбек лагерінің тәрбиеленушілері өрт сөндірушілерге қонаққа келді

«Жасыл ел» еңбек лагерінің тәрбиеленушілері өрт сөндірушілерге қонаққа келді

Бұл жолы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне және өрт сөндіру мұражайына «Жасыл ел» еңбек лагерінің балалары келді.

Балалар экскурсоводты бар ықыластарымен тыңдады, ол өрт сөндірушінің қызметі туралы және өрт сөндірушілердің алдында тұрған қиындықтар мен қауіптер туралы түсінікті етіп айтты. Жанна Нұрбергенова профилактикалық әңгімелесу барысында балаларға білуі және орындауы тиіс негізгі қауіпсіздік талаптары, балалардың отпен ойнауы себебінен өрттердің статистикасы туралы айтып берді. Су нысандарында қауіпсіз ережелеріне ерекше назар аударылды.

Жауынгерлік автокөліктер гаражында керемет іс-шара өтті, онда балаларға жауынгерлік киімдер, өрт сөндіру құтқару жабдықтары көрсетілді, гаражда бар арнайы автокөліктермен таныстырылды. Балалар өрт сөндірушілерді үлкен қызығушылықпен тыңдады. Барлық балалар өрт сөндіру автокөлігінің ішінде отыруға мүмкіндік алды. Балалар жылу-түтін камерасына барды, олар өрт сөндіруші болу деген нені білдіретінін нақты сезінді. Жылу-түтін камерасы - бұл нақты өртте пайда болатын жағдайларға жақын жағдай жасауға мүмкіндік беретін арнайы жаттығу кешені: тығыз түтін, жоғары температура және шектеулі көріну. Өрт сөндірушілерге сабақ кезінде психологиялық қысым да бар-динамиктерден көмек сұрап айқайлау және балалардың жылауы естіледі.

Экскурсия жақсы өтті.  Мұндай профилактикалық іс-шаралар жазғы демалыс кезінде балалардың өлімі мен жарақаттануының алдын алу мақсатында балалармен жүргізіледі.

 

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары

қызметі қоғаммен байланыс тобы