18 шілдеде Петропавл қаласында СҚО ТЖ департаменті бастығының кубогына арналған шағын футболдан турнирдің финалдық ойындары өтті.
Әділ ойында 6 команда – Астана қ. ТЖ департаменті, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, және Солтүстік Қазақстан облыстары күштерімен өлшенді.
Нәтижесінде жеңімпаз кубогын Қарағанды облысының ТЖД командасы алды, екінші орынды Астана қаласының ТЖД өкілдері иеленді және үшінші орынды – Ақмола облысының командасы. Команданың әр қатысушысы естелік медалімен марпатталды, сондай-ақ «Үздік ойыншы»номинациясы бойынша марапаттау өткізілді ( Асқар Көлбаев, Ақмола облысының ТЖД), «Үздік қақпашы» (Дархан Кашыков, Қарағанды облысының ТЖД).
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде СҚО ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин турнирдің жеңімпаздары мен құтқарушыларын өткен спорт мерекесімен шын жүректен құттықтап, оны ведомство қызметкерлерінің жетістіктерінің тағы бір тірегі, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын дәріптеудің және шағын футболды насихаттаудың тамаша үлгісі ретінде сипаттады.
Іс-шара футбол алаңында ұжымдық естелік суретке түсумен аяқталды.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы