Шығыс Қазақстанда Катонқарағай ауданының тауларындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

Шығыс Қазақстанда Катонқарағай ауданының тауларындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

Катонқарағай ауданында Берел орманшылығының аумағындағы жартасты, таулы, жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіру жалғасуда.

1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыды. 

Орманшылар мен өрт сөндірушілер атпен және ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағының көмегімен жану орнына жетті.

Қазавиаорманқорғау МИ-2 тікұшағы әуеден жағдайды үнемі қадағалап отырады.

Қорғаныс министрлігінің Ми-171 және ШҚО  әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет су рет көлемі 50 тоннаға жуық су төкті.

155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ сөндіру жұмыстарын жалғастыруда.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі