Абай облысындағы құрғақ шөп өрті туралы ақпарат

Абай облысындағы құрғақ шөп өрті туралы ақпарат

2023 жылғы 19 шілде күні "Семей Орманы" МОТР Беген филиалының операторынан өртке қарсы қызметіне Рамазан және Өндіріс ауылдарының арасында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу ЖАО, "Семей Орманы" МОТР және Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Оқиға орнына келгеннен кейін ашық аумақта 12 гектар құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Күштер мен құралдардың жедел ден қоюының арқасында өрт оқшауланып, қысқа мерзімде сөндірілді.
Өртті сөндіруге барлығы 16 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Абай облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі