2023 жылғы 16 шілде күні сағат 17:28-де Атырау қаласы, Вокзал мөлтек ауданы- 5 ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде балконның жанып жатқанын анықтады.
Өрт кезінде баспалдақ арқылы 38 тұрғын (21 ересек, 17 бала) өз күштерімен эвакуацияланған.
Сонымен қатар дәліз бойын қою қара түтін басуына байланысты
өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 6 адамды (3 ересек, 3 нәрестені) 2-ші қабат және 4-ші қабаттың тұрғындарын құтқарды.
Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері құтқарылған тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Өрт салдарынан пәтердің балконында орналасқан тұрмыстық заттар жанған.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде санаулы минуттарда өрт сөндіріліп, өрттің басқа бөлмелер мен өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы