ТЖМ күштері мен құралдары "Ертіс орманы"резерватында орман өртін сөндіруге жұмылдырылуда

ТЖМ күштері мен құралдары "Ертіс орманы"резерватында орман өртін сөндіруге жұмылдырылуда

 


Қазіргі уақытта Шарбақты ауданының "Ертіс орманы" резерватында орман өртін сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 200-ге жуық адамы және 50-ден астам техникасы жұмылдырылды.

Жағдайды бағалау және өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқарудың, Қорғаныс министрлігі мен Қазавиаорман шаруашылығының 4 тікұшағы жұмылдырылды.

Өрт орнында командалық-штабтық машина жұмыс істеуде. Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында ТЖМ мен облыстық ТЖД жедел штабтары жұмыс істеуде.

Өрттің болжамды ауданы 800 га. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Орман өртін сөндіруге қосымша Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының ТЖД күштері мен құралдары 150-ге жуық адам және 30-дан астам техника құрамында жіберілді.

Өрт орнында жағдайды бағалау және бақылау үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов пен облыс әкімі Асаин Байханов және ТЖД басшылығы бар. Жедел кеңес өткізілді.

Өртті сөндіру қатты желдің салдарынан өрттің тез таралуымен қиындауда.