Абай облысындағы табиғи өрт жедел түрде оқшауланды
ТЖМ және орман шаруашылығы бөлімшелерінің бірлескен күшімен 19.33-те өртті оқшаулауға қол жеткізілді. "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің ауданы 350 гектарды құрайды, оның 150 гектары орманмен жабылған алаң. Өртті сөндіру жалғасуда.