Өрт сөндірушілер "Ертіс орманы" орманшылығының өртін сөндіруде

Өрт сөндірушілер "Ертіс орманы" орманшылығының өртін сөндіруде

15 шілде сағат 14:30-да Шарбақты ауданында, "Ертіс орманы" МОТР ММ аумағында (бұл дала орманшылығы) орман өрт орын алды.

 

Жедел түрде ТЖД мен орман шаруашылығы қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Өртті сөндіруге жеке құрамның 110-ға жуық адамы және 30-дан астам техника жұмылдырылды. Ресей Федерациясына өрттің өту қаупі бар.

Өрттің болжамды ауданы 400 га.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

 

Өрт сөндірушілердің жұмысын ыстық, құрғақ ауа-райы және қатты жел қиындатуда.

 

Жағдайды бақылау және бағалау үшін облыс әкімі Асаин Байханов пен Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы ұшып кетті.