Абай облысындағы "Семей орманы" МОТР аумағындағы өрт туралы ақпарат

Абай облысындағы "Семей орманы" МОТР аумағындағы өрт туралы ақпарат

Бүгін, 15 шілде күні, Абай облысы ТЖД "Семей орманы" МОТР қызметкерлерінен 11-40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).

Сағат 11.52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары : облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді.

Жедел ден қою мақсатында Семей қаласынан ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жіберілді.

ТЖ орнына ТЖ министрі Сырым Шәріпханов та кетті.

Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды.

Ауа райы: +28 градус, солтүстік-батыс жел 16 м / с.

Өрттің жанында қазіргі уақытта" Шошқалы " демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.