Бүгін 2023 жылғы 12 шілдеде Павлодар облысының орман жабылған аумағының 3 орамында орман қоқысы мен ағаштардың жануы орын алды.
Сағат 14:48-де Шарбақты ауданында, "Ертіс-Орманы" РММ Шалдай филиалында Чушкалы орманшылығының 28-орамында орман қоқысы мен ағаштардың жануы орын алды. Өрт алаңы 1,8 га. Өрт сағ.17:52-де оқшауланды. Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖД жеке құрамының 50 адамы мен 16 бірліктен астам техника жұмылдырылды.
Сағат 16:10-де Ақкөл ауданында "Ертіс-Орманы" РММ Бесқарағай филиалы, Көкжал орманшылығының 15-орамында өрт шықты. Алдын ала өрт алаңы 5 га. Сағат 17:09-да өрт оқшауланды. Жергілікті жерде орман шаруашылығының қызметкерлері жұмыс істеуде.
Сағат 17:40-та "Ертіс-Орманы" РММ-нің Шалдай филиалының Шарбақты ауданында 106-орамында орманды алқапта өрт шықты. Өрттің алдын ала ауданы 20 га.
Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД мен Орман шаруашылығының жеке құрамынан 50-ге жуық адам мен 15 бірліктен астам техникас жұмылдырылды.
Қатты ыстыққа байланысты аймақта өрт қаупі жоғары. ТЖ департаментінің күштері мен құралдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.