ТЖМ РЖҚЖ қызметкерлері 10 жасар қыздың қолын аман алып қалды

ТЖМ РЖҚЖ  қызметкерлері 10 жасар қыздың қолын аман алып қалды

Жазатайым оқиға 10 шілде күні түстен кейін Қарасай ауданының Көксай ауылында болды. 10 жастағы қыз абайсызда саусағын көлік пен тіркеменің арасындағы темір конструкцияның тесігіне салып жіберіп, соның салдарынан  қыздың саусағы кептеліп, бірден қатты ісіп шыға келді.

Уақытында жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы кескіш құралдардың көмегімен, жасөспірімнің кептеліп ісінген саусағын тіркеме тесігінен аман- есен шығарып алды. Құтқарушы-медбике зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Құтқару операциясы кезінде қыз өзін батыл ұстады, мамандардың ұсыныстарын мұқият тыңдап орындады.

ТЖМ құтқарушылары ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

                                                                        

 

ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі