Қостанай облысы ТЖД жаңа бастығының міндетін атқарушы тағайындалды

Қостанай облысы ТЖД жаңа бастығының міндетін атқарушы тағайындалды

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы болып полковник Қасым Қайрат Жарылқасынұлы тағайындалды.ТЖД жаңа бастығының міндетін атқарушыны жеке құрамға Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев таныстырды.

Қасым Қайрат 1977 жылғы 6 ақпанда Жамбыл облысы Меркі ауданының Мерке ауылында туған.

2004 жылы Тараз мемлекеттік университетін, 2007 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери университетін, 2019 жылы Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының магистратурасын бітірді. 2020 жылдан бастап Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының адъюнктурасында оқуын жалғастырды.

Полковник Қасым Қайрат Жарылқасынұлы азаматтық қорғау органдарында 2010 жылдан бастап қызмет атқаруда. Азаматтық  қорғау органдарындағы өз қызметін

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің Тұрғындарды және аумақты қорғау басқармасының аға офицері лауазымынан бастады. 2011-2015 жылдар аралығында Азаматтық қорғаныс департаментінің Әскери-жұмылдыру жұмысы және әскери бөлімдер басқармасының аға офицері, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша командирдің орынбасары, ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасының тұрғындарды және аумақты қорғау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

2015-2022 жылдар  аралығында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, ал 2022 жылдың маусым айынан бастап 2023 жылдың шілде айына дейінгі аралықта Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

Мерзімді қызметін Қазақстан Республикасы Республикалық гвардияның  қатарында өткерді, онда сержант және офицерлік құрам лауазымдарында келісімшарт бойынша қызметін жалғастырды.