Бесқарағай ауданында құрғақ шөптің жануы орын алды

Бесқарағай ауданында құрғақ шөптің жануы орын алды

2023 жылғы 10 шілдеде сағат 12:35-те "101" пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөптің жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу жолға шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта қамыс, бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт 15:18 сағатта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 4,5 гектарды құрады.

Орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіруді құрамында 30 адам және 7 бірлік техника бар Абай облысы ТЖД, ЖАО және "Семей Орманы" МОТР күштері мен құралдары жүзеге асыруда.



Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі