2023 жылғы 9 шілдеде сағат 18.10-да өрт локализацияланып, 10 шілдеде сағат 11-24-те сөндірілді.
Өрттің нақты ауданын уәкілетті мемлекеттік органдардың комиссиясы айқындайтын болады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 6 шілдеде сағат 21.00-де Алматы облысы ТЖД Қараой ауылдық округінде «Іле-Балқаш» МТР» РММ аумағында жетуі қиын, батпақты, жолсыз жерлерде, кей жерлерде жол жоқ жерлерде қамыстың жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын.
Өрт орнына келгеннен кейін қамыс өрті екі кордон аумағында болғаны анықталды.
26 адам және 13 бірлік техниканың күшімен, оның ішінде «Іле-Балқаш» МТР» РММ және Алматы облысы ТЖ департаментінің мотопомпалары, жүзу құралдары пайдалана отырып, барлық жану ошақтарын сөндіру бойынша жұмыс жүргізілді.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
«Іле-Балқаш» РММ-нің күштері мен құралдары қарауылдауға қалды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі