Қарағанды облысының Осакаров ауданында аялдама жасаған ресейлік туристері бар автобус сол күні қайта жолға шықты

Қарағанды облысының Осакаров ауданында аялдама жасаған ресейлік туристері бар автобус сол күні қайта жолға шықты


2023 жылғы 9 шілдеде сағат 00:00-де Оскаров ауданында "Қызылорда – Павлодар" автожолында жүріс бөлігінің техникалық ақаулығына байланысты "Омбы-Бішкек" бағыты бойынша жүретін "Zhongtong"маркалы автобус тоқтады.

Автобуста 34 адам болды, оның ішінде 4 бала. Жолаушылардың барлығы жол бойындағы кафенің жанында орналасқан автобуста қалды. Эвакуация мен медициналық көмек қажет болмады.

9 шілде сағат 15-00-де тасымалдаушы жолаушыларды орналастыру үшін және автобустың техникалық ақауын жоюды күту үшін Қарағанды қаласының вокзалына жеткізуді ұйымдастырды.

9 шілде сағат 20:00-де дәл осы автобус техникалық ақаулықты жойғаннан кейін жолаушыларды алып, маршруты бойынша жол жүріп кетті.