Атырау облысында аэровизуалды тексеру кезінде қамыс өсімдіктерінің ашық жануы табылған жоқ

Атырау облысында аэровизуалды тексеру кезінде қамыс өсімдіктерінің ашық жануы табылған жоқ

 

Ұшу қорытындылары бүгін ТЖМ авиациясын тарту және жер үсті тәсілімен сөндіру бойынша қабылданған жедел шаралар, оның ішінде аса күрделі факторларды ескере отырып, жағдайдың ушығуын болдырмауға ғана емес, сонымен қатар белсенді жанудың ашық учаскелерін сөндіруге мүмкіндік бергенін көрсетті.

Бүгінгі ұшу қорытындысы бойынша белсенді учаскелердің ашық жануы табылмады.

Өртті сөндіру жалғасуда.

Кейбір жеке ошақтарда қамыстың жануы бар.

Бүгін таңертеңнен бастап, ТЖМ тікұшағымен қамыстың жанып жатқан учаскелеріне су ағызу белсенді жүргізілуде.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, "Ақжайық" МТР, "Қазавиақұтқару" АҚ күштері мен құралдары барлығы 97 адам, 15 бірлік техника және 4 бірлік мотопомпалар жұмылдырылды.

 

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі