Каспий теңізінің жағалауында 2 серфер құтқарылды

Каспий теңізінің жағалауында 2 серфер құтқарылды

2023 жылғы 07 шілдеде сағат 23.45-те Каспий теңізінің аумағында, атап айтқанда Форт-Шевченко қаласының аумағында Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі серферді құтқарды.
1992 және 1994 жылы туған азаматтар ашық теңізге серфинг тақтасында шықты, алайда ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты серферлер жағадан 800 метрден астам қашықтыққа ығып кетті. Одан бөлек серферлер құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмеген. Маңғыстау облысы ТЖД құтқарушыларының жедел іс-қимылдарының нәтижесінде серферлер жағаға аман-есен жеткізілді.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қырағы болуға және теңізге жүзу құралдарымен шыққан кезде өзімен бірге құтқару кеудешелерін киіп жүруге шақырады. Есіңізде болсын, қарапайым қауіпсіздік ережелерін орындау сіздің өміріңізді сақтайды.

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі