ШҚО таулы жерде орын алған шөп өрті оқшауланды

ШҚО таулы жерде орын алған шөп өрті оқшауланды

2023 жылдың 7 шілдеде сағат 17.00-де Күршім ауданының Құйған ауылдық округіндегі таулы жерде орын алған шөп өрті оқшауланды.

Өрттің алдын ала ауданы 20 гектарды құрайды.

Өртті сөндіруге Үлкен Нарын  және Күршім орман шаруашылықтарынан, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінен және жергілікті атқарушы органдардан 100-ден астам адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылды.

                         

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі