Павлодар қаласындағы сауда үйдің шатырының құлауы туралы ақпарат

Павлодар қаласындағы сауда үйдің шатырының  құлауы туралы ақпарат

Бүгін сағат 13.54-те 112 пультіне «Артур» сауда үйінде шатырдың құлағаны туралы хабарлама түсті.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша қирандының жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайды.

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен 2 бірлік техникасы және Апаттар медицинасы орталығының 3 медицина қызметкері жұмыс істеді.

Құтқарушылар конструкцияны бөлшектеуге кірісті. Олар 1975 жылы туған ер адамды үйіндінің астынан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Құтқарушылар зардап шеккен адамды блоктан шығару үшін арнайы гидравликалық құтқару құралдарын қолданды. Зардап шеккен адамды алып шыққаннан соң оқиға орнына барлау жүргізілді, сондай-ақ жақын маңдағы 13 автомобильде зардап шеккендердің бар-жоғы тексерілді.

Тағы бір ер адамды жедел медициналық жәрдем бригадасы құтқарушылар келгенге дейін ауруханаға жатқызды.

 

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі