2023 жылғы 5 шілдеде сағат 17.28-де Целиноград ауданында Шұбар ауылынан 20 км қашықтықтағы Қызылжар орманшылығының аумағында 0,8 га алаңда құрғақ шөп өртеніп, 1,1 га алаңда орман төсенішіне көшті.
Өрттің алдын ала ауданы 1,9 га құрады.
Жедел қабылданған күштер мен құралдардың арқасында өрт сағат 18.20-да оқшауланды, сағат 21.10-да сөндірілді.
Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге орманшылықтан 40 адам мен 3 бірлік техника, Ақмола облысы ТЖД 8 адам мен 2 бірлік техника, Астана қаласы ТЖД 16 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі