ТЖМ-де Абай облысында табиғи өртті жоюға қатысушыларды мемлекеттік наградалармен салтанатты марапаттау өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев өрт сөндірушілерге, Қазавиақұтқару ұшқышына, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне, еріктілерге мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Барлығы 22 адам мемлекеттік наградалармен марапатталды, оның ішінде ҚР ТЖМ 14 қызметкері.
«Шынында да, отқа қарсы күреске қатысқандардың барлығы, осы залда болмаған нағыз батырлар, өз басшыларының ведомстволық наградаларымен марапатталады. Айта кету керек, өртті жоюдың барлық қатысушылары ақшалай сыйлықпен марапатталады. Құрметті әріптестер, өртті жоюға белсенді қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық пен амандық, Қазақстанымыздың игілігі үшін жұмыста жаңа табыстар тілеймін!»- деп атап өтті бірінші вице-министр.
Естеріңізге сала кетейік, «Семей орманы» МОТ Батпаев орман шаруашылығы аумағындағы орман өрті 2023 жылдың 8 маусымында болды. Өрттің аумағы 60 мың.га құрады. Орман өртін сөндіруге құрамында шамамен 1500 адам және 300-ден астам техника бар ТЖМ, орман шаруашылығы комитетінің, жергілікті атқарушы органдар мен Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары, еріктілер қатысты. Сондай-ақ өрт майданын аэровизуалды тексеруді және өрт ошақтарына су ағызуды жүзеге асыру үшін 14 тікұшақ тартылды. Өртке қарсы күрес кезінде әуе кемелерімен көлемі 2000 тоннадан асатын 777 су ағызылды.
Әскери және қызметтік борышын орындау кезіндегі жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсетілген батылдығы үшін III дәрежелі «Айбын» орденімен: Баймұратов Думан Қайратұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері; Қасымов Ілияс Ерғазыұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; Никифоренко Иван Юрьевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері; Смайылов Рустам Қадырұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 24 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі. «Ерлігі үшін» медалімен: Ақағалиев Ермек Жеңісұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы; Белгібаев Бахтияр Станұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы; Ермеков Мұхамед-Шәріп Әбсағитұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі; Жиренов Бекболат Маратұлы–Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған тобының бөлімше командирі; Кенжебаев Ертай Мирамұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 16 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері; Күдербеков Болат Оралұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы; Қабдулин Арман Жанатбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; Мұхамет Мұрал Мұхаметұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері; Нұрмұхамбетов Бақытжан Нұрмұхамбетұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері; Хурай Өркен – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері марапатталды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі