Көкпекті ауданында қамыс өрті оқшауланды

Көкпекті ауданында қамыс  өрті оқшауланды

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша бүгінгі күні Көкпекті ауданында қамыс өрті оқшауланды.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ғарыштық түсірілім бойынша өртенген учаскенің ауданы шамамен 910 га құрады, қатты түтінге байланысты ауданы нақты емес.

Өрт тек қол жетімді жерлерде қол құралдарымен сөндірілді. Қарама-қарсы өртеу әдісі де қолданылды.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың  күштері мен құралдары жұмылдырылды.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі