
Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл шеңберінде Щучинск қаласы жасағының басшылығы, өрт бөлімшелерінің бастықтары мен диспетчерлік құрамы Ақмола облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жедел басқару орталығына барды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Сапардың мақсатыы – 2020 жылы енгізілген «Smart National Park Burabay» жұмысымен танысу. Smart жүйесі «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің бүкіл аумағын бақылайды – бұл 129 мың гектардан астам қорық. Орман өрттерін тануға арналған тепловизорлары бар бейнекамералар қорық ормандарының, көлдердің, туристер жиі баратын аймақтардың географиялық орналасуын ескере отырып орнатылған және бұл өрт ошақтарын уақтылы анықтау үшін өте маңызды.
Ұлттық парк қызметкерлері экскурсия барысында өрт сөндірудегі цифрлық технологияның рөлі мен артықшылықтары, өртті анықтаудағы іс-қимыл алгоритмі туралы айтып берді. Сондай-ақ, смарт-жүйенің тиімділігін талқылау барысында Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы өрттер туралы өзара іс-қимыл және жедел деректермен алмасу мәселелері қаралды.
«Өртті ерте анықтаудың бұл жүйесі «Бурабай» МҰТП қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметіне үлкен артықшылық береді. Өйткені, өрт неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым оны тезірек жоюға болады. Біз жаңа технологиялардың Бурабай ормандарын қорғауда тұрғанына өте қуаныштымыз және олардың табиғатымызды сақтауға көмектесетініне сенімдіміз», – деді Щучинск қаласының жасақ бастығы Руслан Базарбаев.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі