Көкпекті ауданында қамыстың жануы орын алды

Көкпекті ауданында қамыстың жануы орын алды

Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес ағымдағы жылдың 2 шілде күні күндізгі сағат 11 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыстың жануы орын алды.
Оқиға орнына қарауылдау жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шықты.
Қазіргі уақытта өрттің болжамды ауданы 200 гектарды құрайды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі