Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное кентінің маңындағы құрғақ шөп өрті сөндірілді

Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное кентінің маңындағы құрғақ шөп өрті сөндірілді

2023 жылғы 30 маусымда  сағат 15.08-де 101 пультіне Круглоозерное кентінің маңында Вишневая балка  бау-бақша серіктестігінің ашық аумағында 10 га алаңда құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өртті екі жақтан сөндірілді (Сарытау шағын ауданы және Вишневая балка серіктестігі).

ТЖ департаментінде өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдарды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.

Сағат 18:30-да өрт оқшауланып, сағат 18.49-да толығымен сөндірілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің басшылығы барды.

Өртті сөндіруге ТЖ департаментінен 83 адам мен 12 бірлік техника, орман шаруашылығынан 5 адам және 1 бірлік техника, ерікті өртке қарсы қызметтен 12 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі