ҚР ТЖ министрі «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында орман өртін сөндіру бойынша практикалық жұмысты бағалады.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өткізді. Оның мақсаты орман өрттерін жою кезінде әртүрлі ведомстволар мен ұйымдардың іс-әрекеттерін үйлестіру мен келісуді пысықтау болды.
Мұндай жұмыстар орман өрттеріне тиімді әрекет етудің маңызды бөлігі болып табылады. Олар іс-әрекеттерді үйлестіруге, арнайы жабдықты қолдануға және өртті сөндіру тактикасын жақсартуға көмектеседі.
Ертіс орманы сияқты табиғи резерваттар ерекше құнды табиғи объектілер болып табылады. Оларды өрттен қорғау басты міндет болып табылады.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі